Телескоппен бақылау

Планетарий базасы бірнеше телескоптармен жабдықталған, олардың көмегімен біздің аймақта көрінетін астрономиялық құбылыстарға, мысалы, Күн мен Айдың тұтылуы, аспан объектілері – Ай және ғаламшарларға бақылау жүргізіледі.

Телескоппен бақылау ұйымдастырылған топтар үшін де, жеке тапсырыстар бойынша да жүргізіледі.

Бақылау ұзақтығы 30-50 минут немесе егер бақылау қала сыртына шығып жүргізілсе 1,5 – 2 сағат.

Бақылауға тапсырыс берген кезде ауа-райы болжамы, бақыланатын аспан объектілері уақыты мен құны планетарий қызметкерлерімен алдын ала нақтыланады.

Телескоппен бақылауға тапсырыстар 8(7132) 211-322, 404-214, 8 705 723 4653 телефондары арқылы қабылданады

Scroll to Top