Тарихы

Бізбен бірге танғажайып жұлдызды әлем

жақын да, қолжетімді болады!

Планетарий — ХХ ғасырдың, керемет өнертабыстарының бірі. Олардын, Отаны Германия: неміс инженерлері «Карл Цейс Йена» кәсіпорнында 1923 жылы алғаш рет 90 жыл бұрын планетарийлер дәуірін ашкан «Модель-1» жұлдызды аспан проекторын ойлап тапты және көпшілікке көрсетті. Табиғаттың таңғажайып көрінісін — жұлдызды аспанды жаңғыртуға қабілетті проекторлар «Йенадан келген ғажайып» деп аталды, ғарыш дәуірінің басталуымен олардың салтанатты шеруі бүкіл әлемде басталды.

Қазақстан бойынша тұңғыш стационарлы планетарий Ақтөбе қаласында 1967 жылы ашылды, қазірде ол ғаламат жұлдызды аспанның, кереметтілігін дәріптейтін астрономиялык және мәдени-ағарту орталығы. Планетарийдің жұлдызды бөлмесінде орналаскан «Цейс» маркалы «Планетарий» аппаратымен әйгілі. Осы аппараттың көмегімен жасанды күмбезден жұлдыздар әлемін көруге болады. Табиғаттың тамаша құбылыстары: Күн мен Айдың тұтылуы, поляр шұғыласы, метеорлык жаңбыр, Күннің ұясынан шығуы мен батуы қосалқы проекциялық аппараттың көмегімен көрсетіледі. Планетарий фойесінде келушілерге «Күн жүйесі», «Марс планетасы» және жұлдызды аспан картасы мен космонавтика бұрышының панорамалары ұсынылған.

Қазірде планетарийде балалардың астрономия мен ғарышкерлікке қызығушылығын арттыру мақсатында жұмыстың жаңа түрлері енгізілуде. Атап айтатын болсақ, аталмыш салалар бойынша астрономиялық, олимпиадалар мен конференциялар, балалар арасында сурет байқаулары, поэзиялык, конкурстар, белгілі тұлғалармен тақырыптық кештер мен кездесулер өткізіледі, сондай-ақ, «Үркер» астрономиялық, үйірмесі жұмыс жасайды.

Біз астрономия, ғарышкерлік және жаратылыстану бағыты бойынша балаларға арналған дәрістер, танымдық, және оқу дәрістерін ұсынамыз.

 

ҚҰРЫЛУ ТАРИХЫ

Ақтөбе планетарийі. 1967 жыл.

Планетарий — бұл құрылысшылардың қала тұрғындарына жасаған керемет сыйлықтарының бірі. Қазақстан бойынша тұнғыш стационарлы планетарий Ақтөбе қаласында 1967 жылы 3 қаңтарда ашылды. Әлемдегі ең керемет оптика жасап шығарушы Йен қаласынан келген бұл планетарий аппаратын Германия еңбекшілері, 1965 жылы Ақтөбе еңбекшілеріне сыйлыққа берген. Бұл аппарат қызығушылық танытқанға дейін қоймада жатты. 1966 жылдың күзінде қалада «жұлдызды үй» құрудың бастамашысы болған обкомның бірінші хатшысы Н.И.Журиннің шешімі бойынша, «Пионер» балалар паркінде планетарийдің, құрлысы басталды. Бұл жер кездейсоқ таңдалмады, сол жылдары осы жерде балаларға арналған  «Маяк» балабақшасы, облыстық балалар кітапханасы, саябақтың өзінде ағаш мүсіндері, мұнаралары мен аттракциондары бар ертегі қалашығы, сондай-ақ, аэродинамикалық үйірме алаңы орналасқан нағыз кешен болды.

Мәскеу планетарийінің мамандары ғимарат салып, жабдықты орнатты. Жұлдызды бөлменің биіктігі 10 метрлік күмбезінде солтүстік аспан жарты шарын бейнелейтін «Карл Цейс» фирмасы шығарған Планетарий аппараты орнатылды. Сонымен қатар, жиырмага жуық проекциялық аппараттар қондырылған. Жаңа қоғамдық-ғылыми орталықтың ашылуына сол кезде екі жүзге жуық адам жиналды. Планетарийдің негізін қалаушы және бірінші директоры Николай Павлович Зафирис жиналған қауымға жұлдызды бөлмеде «Планетарий күмбезі астында» алғашқы дәрісін оқыды. Н.П.Зафирис өз ісінің, нағыз маманы болды, ол астрономия мен космонавтиканы халық, арасында үнемі насихаттап келді. Қазақстандағы ірі «жұлдызды» мекеменің жұмысы туралы мәліметтер облыс пен республиканың баспасөздерінде және басқа да бұқаралық ақпарат құралдарында жиі пайда бола бастады. Планетарийдің алғашқы қызметкерлерінің есімі В. Степаненко — аға дәріскер, Г. Зафирис — дәріскер,  Г. Жидулева — дәріскер, Т. Березкина — дәрістерді ұйымдастырушы, Р. Альжанов — көрсетуші және т. б. тарихта сақталып қалды.

Планетарийге келушілер дәріс барысында астрономия мен космонавтиканың соңғы жетістіктері туралы көптеген қызықтарды білді. Негізгі келушілер оқушылар, жоғары және орта оқу орындарының, студенттері болды. Планетарий дәріскерлері 60-шы жылдардың соңында және әсіресе, 70-ші жылдары отандық, космонавтиканың сонғы жетістіктері туралы дәрістермен қаланың өнеркәсіптік кәсіпорындарына, облыс аудандарының, колхоздары мен совхоздарына барды.

Scroll to Top