Оңтайлы планетарий

Облыстық планетарийде 2012 жылдың мамыр айынан бастап  «Оңтайлы сандық планетарий» өз жұмысын бастады. Үрлемелі оңтайлы сандық планетарий толық күмбезді бағдарламаларды көрсетуге мүмкіндік береді. Күмбез ішінде толық проекцияланған танымдық және ғылыми бағдарламалар көрсетіледі. Сандық бейне күмьездің барлық ішкі бетін толтырып, керемет әсер береді.

 

Оңтайлы үрлемелі планетарийдің аумағы шамамен 25 шаршы метр (диаметрі 5 метр) және күмбездің биіктігі 3 метр. Бір сеанс сыйымдылығы 15-25 адам (жас санатына байланысты). Бағдарламалардың ұзақтығы 25-30 мин.

 

ҚҰРМЕТТІ БАЛАЛАР!

Біздің оңтайлы планетарийді мектепке немесе  балабақшаға шақырыңыз және ғарыш кеңістігіне ұмытылмастай саяхат жасаңыздар.

Scroll to Top