Планетарий туралы

Егер Жер бетінде жұлдыздарды тамашалайтын

бір ғана орын болса, онда Жерді мекендеген

бүкіл адамдар сол орынға ағылып келер еді.

Луций Аней Сенека

 

Қаламыздың көрікті жерлерінің ішінде Қазақстандағы тұңғыш стационарлы Планетарий ерекше орын алады. Ол 1967 жылы 3 каңтарда құрылды, бүгінде миллионнан астам адам табиғи ғылымдардың жетістіктерімен сусындады.

Планетарийдің негізгі бөлмесі — жұлдызды бөлме. Оның ортасында «Цейс» маркалы «Планетарий» аппараты қондырылған. Осы аппараттың көмегімен жасанды күмбезден жұлдыздар әлемін көруге болады. Табигаттың тамаша құбылыстарын Күн мен Айдың тұтылуы мен, поляр шұғыласын, метеорлық жаңбыр, Күннің ұясынан шығуы мен батуын қосалқы проекциялық аппараттардың көмегімен тамашалауға болады. Жұлдызды залдың диаметрі 8 м, күмбездің биіктігі — шамамен 10 м, залдың сыйымдылығы — 50 адам.

Планетарий фойесінде келушілер «Күн жүйесі», «Марс планетасы» және «Еліміздің ғарышкерлері», сондай — ақ астрономиялық бұрышпен танысып, көптеген мағұлмат алуына мүмкіндік жасалған.

Планетарийдің жұлдызды бөлмесінде келушілер өздерін ғаламның бір бөлшегі ретінде сезініп, таңғажайып жұлдыздар мен ғаламшарлар әлеміне сапар шеккендей әсер алады. Сіздер, жұлдыздар бізден алыс па, Күннің неге жарқырайтынын және жылытатынын, шоқжұлдыздар туралы біле аласыздар.

Бүгінде планетарийде балалардың астрономия мен ғарышкерлікке қызығушылығын арттыру мақсатында жұмыстың жаңа түрлері енгізілуде. Атап айтатын болсақ, аталмыш салалар бойынша астрономиялық олимпиадалар мен конференциялар, балалар арасында шығармашылық  байқау-көрмелер, белгілі тұлғалармен такырыптық кештер мен кездесулер өткізіледі, сондай-ақ «Үркер» астрономиялық үйірмесі жұмыс жасайды.

Scroll to Top