Ақтөбеде «Ғалам сенің қолыңда» оқушылар арасындағы ІІ Республикалық астрономиялық олимпиадасы өтті

Облыстық планетарий 2023 жылдың 6-8 қараша аралығында «Ғалам сенің қолыңда» оқушылардың ІІ Республикалық астрономиялық олимпиадасын өткізді.

Астрономиялық олимпиаданың негізгі мақсаты – мектеп оқушыларының астрономия және ғарышты зерттеуге байланысты ғылым салаларына қызығушылығын арттыру, дарынды балаларды анықтау, астрономиялық үйірмелердің жұмысын жандандыру, сондай-ақ, туған жер мен еліміздің ғалымдарын, батырлары мен ғарышкерлерінің есімдерін насихаттау.                              Олимпиада, облыстық мәдениет, архивтер және құжаттама басқармасының қолдауымен және облыстық білім басқармасымен бірлесіп  ұйымдастырылды.

ІІ республикалық астрономиялық олимпиаданың салтанатты ашылуы  6 қарашада шығармашылық академиясында өтті.

Республикалық астрономиялық олимпиадаға 10 облыстан 13-16 жас аралығындағы 60-қа жуық оқушылар қатысты: Астана, Ақтөбе, Тараз, Павлодар, Түркістан, Орал, Талдықорған, Ақтау, Қостанай, Атырау.  Олимпиада барысында қатысушылар астрономия және астрофизикадан тапсырмаларды орындады. Оқушылардың білімін кәсіби астрономдар мен жоғарғы оқу  орындарының  оқытушыларынан құралған қазылар алқасы бағалады:

Н. Н. Жантурина — Қ. Жұбанов атындағы Ақтөбе өңірлік                     университетінің PhD докторы, профессоры.

        А.Жұмағұлов, Л. Актай  – Фесенков атындағы Астрофизика   институтының ғылыми қызметкерлері; (Алматы қ.)

       А.К.Тасқалиев – Қ.Жұбанов ат. АӨМУ физика кафедрасының аға оқытушысы. (Ақтөбе қ.)

Олимпиада қазылар алқасы олимпиада жеңімпаздарын анықтап, жүлделі орындарды анықтады.

Олимпиада жеңімпаздары І, ІІ, ІІІ дәрежелі дипломдармен және алтын, күміс, қола медальдармен, олардың  жетекшілері  алғыс хаттармен марапатталды.

Олимпиада қорытындысы бойынша Астана, Павлодар, Түркістан, Тараз, Ақтөбе, Атырау, Орал, Талдықорған қалаларының оқушылары жақсы нәтиже көрсетті.

Олимпиада бағдарламасында қатысушылар мен жетекшілерге арналған мәдени бағдарламалар – планетариймен танысу, С. Жиенбаев ат. Креатив орталығына және облыстық тарихи-өлкетану мұражайына бару ұйымдастырылды. А. Молдағұлова мен жерлесіміз батыр — ғарышкер В. И. Пацаевтың ескерткіштеріне гүл шоқтарын қойды.

Олимпиада қорытындысы:

І орын.

1.Түктібай Ермұхамед –  Астана.

  1. Бақыт Алинур – Тараз.
  2. Титков Дмитрий – Павлодар.
  3. Берден Нурсултан — Астана.

 

ІІ орын.

1.Наметулла Ахметжан – Туркестан.

  1. Тұрсынбек Нұрбақыт – Астана.
  2. Демченко Ангелина – Ақтөбе.
  3. Хохлова Камила — Ақтөбе.
  4. Урдабаева Дильназ – Ақтөбе.

 

ІІІ орын.

  1. Мурзагалиева Альбина – Уральск.
  2. Гимран Рауан – Ақтөбе.
  3. Пернебек Мейірман – Туркестан.
  4. Абдуғаппар Рамазан – Астана.
  5. Али Арсен – Атырау.
  6. Әуесбек Іңкәр – Тараз.
  7. Есенаман Мереке –Тараз.
  8. Сейіт Дастан – Талдықорған.
Scroll to Top