Жұлдызды үйдегі балалық шақ мерекесі.

1 маусым күні облыстық планетарий Халықаралық балаларды қорғау күніне арналған «Бақытты балалық шақ» мерекелік іс-шарасын өткізді. Іс-шараның негізгі мақсаты: адамгершілікке, патриотизмге тәрбиелеу, балаларға мерекелік көңіл-күй сыйлау, олардың бір-бірімен достық қарым-қатынасын нығайту және салауатты өмір салтын насихаттау. Планетарийдің әдістемелік бөлімінің қызметкерлері танымдық бағдарлама ұйымдастырды, оның барысында «Чебурашка» анимациялық орталығының актерлері қызықты ойындар өткізді. Сондай-ақ, балалар үшін дәріскелер ғарыштық викторина өткізіп, жұлдызды залда «Қос әйнек – ғажайып телескоп» толық күмбезді бағдарламасын көрсетті. Мереке соңында планетарийдің жұлдызды кейіпкерлері барлық балаларға балмұздақ сыйлады. Іс-шараға Б.Момышұлы ат. №62 мектеп оқушылары қатысты.

Scroll to Top