Облыстық планетарийде жұмысшы мамаңдықтағы еңбеккер әйелдерге құрмет көрсетілді

5 наурыз күні Халықаралық әйелдер күніне орай, «Әйел отбасында шуақ, қоғамда тірек» мерекелік кеш өтті. Бұл шараның басты мақсаты — әйелдердің отбасындағы және қоғамдағы маңызды рөлін атап өтіп, олардың құқықтары мен теңдігін бағалау, сондай-ақ әйелдердің өмір мен қоғамдағы ұлы ықпалының қаншалықты маңызды екенін ұғындыру.
Мерекелік кешке Қазақстан Республикасының Президенті Қасым-Жомарт Тоқаевтың 2025 жылғы Қазақстан халқына арнаған Жолдауына сәйкес «Жұмысшы мамандықтар жылы» деп жарияланғаны аясында, қоғамдағы еңбеккер әйелдерге ерекше көңіл бөлінді. Әсіресе, жұмысшы мамандықтағы еңбеккер әйелдердің қоғамдағы орны мен еңбегі жоғары бағаланып, құрметке ие болды. Шараға Әлеуметтік қызмет көрсету орталығының бас аспазы Б.Узыкова, «Пайда» киім шеберханасының тігіншісі С.Абдирзакова, және Қазхром Трансұлттық компаниясының кран-машинисі А. Болатбекқызы арнайы шақырылды.
Мерекелік кешке Облыстық мәдениет, архивтер және құжаттама басқармасының бас маманы М.Утекешова, «Қазақстанның салалық мәдениет, спорт, туризм және ақпарат қызметкерлерінің кәсіптік одағы қоғамдық бірлестігі» Ақтөбе облыстық филиалының төрағасы Н.Табельдинова, сондай-ақ Ақтөбе техника-технологиялық колледжінің студенттері мен оқытушылары да қатысты. Олар шараның жоғары деңгейде өтуіне өз үлестерін қосып, кештің сәнін арттырды.
Шара барысында. жұмысшы мамандықтағы әйелдердің еңбегі мен ерлігі жоғары бағаланып, оларға құрмет көрсету мақсатында бейнежазба көрсетілді. Бұл бейнежазбада мерекенің шығу тарихы туралы қызықты деректер мен маңызды ақпараттар ұсынылды. Әрбір мамандық иесіне жеке-жеке көңіл бөлініп, олардың еңбегі мен рөлі арнайы атап өтілді. Шара барысында қонақтармен сұхбаттасып, олардың еңбек жолдары мен жетістіктері туралы әңгімелер тыңдалды және викториналық сұрақтар қойылып, қатысушылар өз білімдерін көрсетіп, шараның көңілді әрі білімді түрде аяқталуына себепші болды.
Сонымен қатар, А. Жұбанов атындағы Ақтөбе музыкалық колледжінің талантты студенттері кештің сәнін келтіріп, жанды дауыста ән шырқап, кештің атмосферасын ерекше етіп жасады.
Шара соңында планетарий директоры Қ. Бөлеков нәзік жандыларды құттықтап, алғыс хатпен марапаттап, сыйлықтар табыстады.
Бұл кеш әйелдердің қоғамдағы орны мен олардың еңбекқорлығын тағы да айшықтап, мерекенің маңыздылығын арттырды.