Облыстық Планетарийде Халықаралық астрономия күні атап өтілді.

18 мамыр күні планетарийде Халықаралық астрономия күніне орай «Галилей түні» астрономиялық ағарту жобасы өтті.

1973 жылы Америкада бастау алған бұл мереке астрономия әуесқойларын «астрономияны адамдарға жеткізеді» деген ұранымен біріктірді.

Мерекені өткізудегі мақсаты — астрономияны танымал ету және осы ғылымға қызығушылық танытатын адамдарды барынша көбірек тарту.

Шараға қала тұрғындары мен қонақтары шақырылды. Жоба барысында астрономия қызығушыларына ғылыми- танымал толық күмбезді бағдарламалар көрсетіліп, «AstoQuizizz» интеллектуалды викторина өткізілді. Сонымен қатар «Stellarium» виртуалды планетарий  қосымшасымен таныстырылды. Балаларға арналған «Ғарышкер» мастер-класс ұйымдастырылып,  келушілер астрономия тақырыбы бойынша кітап көрмесін тамашалады.

Бағдарлама барысында келушілер  телескоппен Айды бақылады. Мерекенің мақсаты мүмкіндігінше адамдарды астрономиямен таныстыру. Жобаға 500 адам қамтылды.

Scroll to Top