Балалар ғарышты бейнелейді

5–10 сәуір аралығында өткен космонавтика апталығы аясында облыстық планетарий Instagram желісіндегі өз парақшасында @aqtobe_ planeta Байқоңыр ғарыш айлағының 70 жылдығына арналған «Жас суретшілердің көзімен Байқоңыр» балалар сурет байқауын ұйымдастырды. Байқауға 6–10 жас аралығындағы кіші жастағы балалар қатысты. Ғарыш — балалар үшін өте қызықты және тартымды тақырыптардың бірі. Олар жұлдыздар мен ғаламшарлардың тылсым әлемі туралы оқуды ұнатады, сонымен қатар ғарыш туралы керемет, қиялға толы суреттер салады. Бұл олардың салған суреттерінен анық көрінеді.
Байқауға барлығы шамамен 150 бала қатысты. Әр бала ғарыш тақырыбын өзіндік көзқарасымен бейнелеп, өз даралығын көрсете білді. Instagram парақшасындағы дауыс беру нәтижесінде келесі жеңімпаздар анықталды: Нұрланқызы Нұрай (6 жас, №50 ЖББОМ), Абдулова Альмира (6 жас, №72 IT лицейі), Бауыржан Мұстафа (10 жас, Богетсай ауылы, Хромтау ауданы). Сонымен қатар ынталандыру дипломдарын келесі қатысушылар алды: Серікбаева Хиуаз (Байғанин), Жасұланов Асылхан мен Жасұланова Асылым (№50 ЖББОМ), Рябоконь Маргарита (Мәртөк).
Ғарыш — жай ғана жұлдыздар емес. Бұл – арман, еңбек, ғылым және өзіңе деген сенім. Біз жеңімпаздарды шын жүректен құттықтаймыз және әрқайсысына шын жүректен армандаудан қорықпауға, әрқашан білімге ұмтылуға тілектеспіз

Scroll to Top