«Адалдық — адамзаттың белгісі» тәрбие сағаты

20 мамыр күні Мәдениет және шығармашылық саласындағы зиялы қауым өкілдерін сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс – қимыл шараларына  тарту мақсатында «Адалдық адамдықтың белгісі» тақырыбында тәрбие сағаты өтті. Адалдық – адам бойындағы асыл қасиеттердің бірі. Адам бағасының бір өлшемі іспетті. «Адалдық» деген сөз шыншылдық, айнымастық, шын берілгендік сияқты игі қасиеттерді еске салады.

Осы орайда ҚР «Мәдениет саласының үздігі», Жазушылар одағының мүшесі, ақын Аймаханова Гүлсамал Төрединқызымен сыр-сұхбат жүргізу барысында адам мінезіндегі бағалы қасиеттердің бірі –адалдықты түп тамырына дейін ашып, нақтылап баяндап берді. Тәрбие сағатына М.Мәметова атындағы жоғары медициналық колледжінің студенттері қатысты.

Шара соңында студенттер адалдық туралы нақыл сөздер мен мақал-мәтелдер айтып, бір-біріне деген жүрек жарды тілектерін білдірді.

 

Scroll to Top