ҚР Тәуелсіздік күніне арналған іс-шара
12 желтоқсан күні планетарийде «Тәуелсіздік – елімнің ерлік жолы» патриоттық кеші өткізілді. Іс-шараның мақсаты – студенттерге тәуелсіздік жолындағы тарихи деректерді жеткізу, Желтоқсан оқиғасы мен Алаш қайраткерлері туралы мағлұмат беру, сондай-ақ Қазақстанның тәуелсіздік жылдарындағы негізгі жетістіктерімен таныстыру болды.
Кеш жүргізушінің кіріспе сөзімен басталып, ҚР-ның мемлекеттік әнұраны орындалды. Жүргізуші тәуелсіздікке байланысты маңызды тарихи кезеңдерге тоқталып, 1986 жылғы Желтоқсан оқиғасының мәні мен сол уақытта ерлік көрсеткен жастар туралы қысқаша ақпарат берді. Желтоқсан құрбандарының рухына 1 минут үнсіздік жарияланды.
Іс-шара барысында желтоқсан оқиғасына арналған бейнеролик көрсетілді. Одан кейін қатысушыларға тарихи сұрақ–жауап бөлімінде тәуелсіздік жылы, мемлекеттік рәміздер және егемендік туралы декларацияға қатысты сұрақтар қойылды. Студенттер белсенділік танытып, негізгі ақпараттарды дұрыс атап өтті. Кеш барысында тәуелсіздікке арналған өлеңдер оқылды. Сонымен қатар, тәуелсіз Қазақстанның қалыптасу жылдарындағы кейбір өзгерістер мен жетістіктер туралы айтылды. Іс-шара соңында қатысушылар «Мен қазақпын» әнін орындады.
Шара соңында қатысушылар «Аспан әлеміне он қадам» толық күмбезді астрономиялық ғылыми бағдарламаны тамашалап, қысқы жұлдызды аспанмен танысты




