Облыстық планетарийде «Ғалам сенің қолыңда» оқушылардың III-ші Республикалық астрономиялық олимпиадасы өтті.

Облыстық планетарий 2025 жылғы 9-11 қараша аралығында  «Ғалам сенің қолыңда» оқушылар арасындағы III-ші Республикалық астрономиялық олимпиадасын өткізді. Астрономия олимпиадасын өткізудің басты мақсаты – оқушылардың астрономия және ғарыштық зерттеулерге қатысты ғылым салаларына қызығушылығын арттыру, дарынды оқушыларды анықтау, астрономия үйірмелерінің жұмысын күшейту, сондай-ақ туған өңір мен еліміздің ғалымдары, батырлары және ғарышкерлерінің есімдерін кеңінен таныту.

Олимпиада, облыстық мәдениет, архивтер және құжаттама басқармасының қолдауымен және облыстық білім басқармасымен бірлесіп  ұйымдастырылды.

III-ші республикалық астрономиялық олимпиадасы  №82 Жалпы білім беретін орта мектебінде өтті. Республикалық астрономиялық олимпиадаға еліміздің әр өңірінен 13-16 жас аралығында ең үздік жас астрономдар қатысты. Атап айтқанда, Астана, Ақтөбе, Павлодар, Қостанай, Атырау және Орал қалаларынан 50-ге жуық оқушы қатысты.

Олимпиада барысында қатысушылар  астрономия мен астрофизика бойынша мектеп бағдарламасынан тыс  әр түрлі күрделі деңгейдегі тапсырмаларды орындап, жан-жақты білімдерін көрсетті.

Қатысушылардың білімін кәсіби астрономдар мен еліміздің жетекші жоғары оқу орындарының ғалымдары мен  тәжірибелі мамандары бағалады.

Әділқазылар алқасының төрағасы: Н.Н. Жантурина – Қ.Жұбанов атындағы АӨУ физика кафедрасының профессоры; әділқазы мүшелері: М.Т. Қаламбай – Хериот-Уатт халықаралық факультетінің аға оқытушысы, физика-математика ғылымдарының докторы; Ғ.И. Назымбеков – В.Г. Фесенков атындағы Астрофизика институтының ғылыми қызметкері, докторант (Алматы.қ); Ә.Қ. Тасқалиев – Қ.Жұбанов атындағы АӨУ физика кафедрасының аға оқытушысы.

Олимпиада жеңімпаздары І, ІІ, ІІІ дәрежелі дипломдармен және  алтын, күміс, қола медальдармен марапатталды. Оқушылардың жетекшілері де алғыс хаттармен марапатталды.

Олимпиада қорытындысы бойынша барлық қалалардың оқушылары жақсы нәтиже көрсетті.

Олимпиада бағдарламасы аясында қатысушылар мен жетекшілер үшін мәдени бағдарламалар  ұйымдастырылды. Оның ішінде: планетариймен танысу, жұлдызды  залда  Хериот-Уатт халықаралық факультетінің аға оқытушысы, физика-математика ғылымдарының докторы  Каламбай Мухағалидың  «Жұлдыздар шоғыры» тақырыбындағы  дәрісі;  IT саласының маманы, Boston English Hub оқу орталығының оқытушысы, Suffolk University менеджмент және ұйымдық лидерлік магистры Мағжан Жұмаев жасанды интеллект бойынша шеберлік сабағын  жүргізді. Сонымен қатар, қатысушылар қаламыздың көрнекті орындарымен танысып, облыстық тарихи-өлкетану музейі мен Әлия Молдағулова мемориалдық музейіне барды,  жерлесіміз – ұшқыш-ғарышкер, Кеңес Одағының Батыры В.И. Пацаевтың ескерткішіне гүл шоқтарын қойды.

Олимпиада қорытындысы:

І Орын

  1. Шәріпхан Ерболат – Павлодар  қаласы
  2. Оразбек Томирис – Астана қаласы

ІІ Орын

  1. Духтурбаев Елхан – Павлодар қаласы
  2. Яськин Матвей – Ақтөбе қаласы
  3. Сатова Аяжан —   Орал қаласы
  4. Садуев Алияр – Павлодар қаласы

ІІІ Орын

  1. Карим Абзал —  Атырау қаласы
  2. Кулжамбек Алдияр — Астана қаласы
  3. Қали Дәурен – Ақтөбе, №41  Ф. Онгарсынова атындағы мектеп гимназия
  4. Қапаров Ерасыл – Ақтөбе,  №21 мектеп  гимназия
  5. Мухамедьярова Балқия – Қостанай облысы, Лисаков қаласы
  6. Кульжанов Нуржан – Ақтөбе қаласы , Уркер үйірмесі

Олимпиадаға қатысқаны үшін диплом:

  1. Мақсұт Қарақат
  2. Қадіржан Аяужан
  3. Оразгалиев Марс
  4. Тайболат Нұрәділ
  5. Жуматаева Даяна
  6. Анисенкова Виктория
  7. Түгелдес Ерхан
  8. Қаршыға Әлихан
  9. Қалиев Бексұлтан
  10. Тулепова Аружан
  11. Абдрахман Бек
  12. Тулепбергенов Диас
  13. Марат Амира
  14. Жұбандық Айбар
  15. Сағидуллаев Ералы
  16. Сағымбай Расул
  17. Дәулетұлы Бейбарыс
  18. Ермек Айдар
  19. Қожабай Парасат
  20. Шумакова Даная
  21. Шаймерден Алдияр
  22. Сайкина Анастасия
  23. Ертасов Мират
  24. Өтеген Бекнұр
  25. Алибекова Аружан
  26. Бекенова Дильназ
  27. Елемесов Рим
  28. Погорелов Сергей

Жетекшілер алғыс хаттармен марапатталды:

  1. 1.Аманиязова Айгерим (Атырау облысы)
  2. Жангалиева Гульмира (Атырау облысы)
  3. Сагадиева Камшат (Орал қаласы)
  4. Ибатуллиева Эльвира (Орал қаласы)
  5. Прахнау Виктор (Қостанай облысы, Лисаков қаласы)
  6. Ушакова Марина (Қостанай облысы, Лисаков қаласы)
  7. Пастухова Наталия (Қостанай облысы Лисаков қаласы)
  8. Баубекова Гульнар (Павлодар қаласы)
  9. Тангалиева Алтынгул (Астана қаласы)
  10. Садыкова Шынар (Ақтөбе қаласы, Ф.Оңғарсынова ат. №41 мектеп гимназиясы)
  11. Измуратова Жанар (Ақтөбе қаласы, Әл-Фараби ат. №21 мамандандырылған гимназиясы)
  12. Оспанова Гүлім  (Ақтөбе қаласы, Әл-Фараби ат. №21 мамандандырылған гимназиясы)
  13. Бахитов Қанат (Ақтөбе қаласы, Ақбөбек Халықаралық мектебі)
  14. Қасымова Зарипа (Ақтөбе қаласы, Б. Момышұлы атындағы №62 орта мектебі)

 

Scroll to Top