«Дәстүрлі діннің еліміздегі рөлі» тақырыбындағы тейблток
20 қараша күні планетарийде діни экстремизмнің алдын алу мақсатында жастар арасында «Дәстүрлі діннің еліміздегі рөлі» тақырыбында тейблток өтті. Кездесу «Ақтөбе облысы дін істер басқармасы» ММ-нің «Аңсар» ақпараттық-талдау орталығының теолог маманы, Төлепов Абдулла Жеңісұлымен өткізілді.
Шараға «Ақтөбе көлік, байланыс және жаңа технологиялар» колледжінің 2 курс студенттері белсенді түрде қатысты. Кездесу барысында жастарға дәстүрлі діннің қоғамдағы орны, ұлттық құндылықтар мен тәрбие берудегі маңызы, діни экстремизм мен радикализмнің алдын алу жолдары, ақпараттық қауіпсіздік, әлеуметтік желідегі жалған діни ақпараттан сақтану, сондай-ақ саналы діни көзқарас қалыптастыру мәселелері кеңінен түсіндірілді.
Тейблток барысында студенттер өздерін толғандырған сұрақтарын қойып, пікір алмасып, белсенді диалог орнады. Мамандар тарапынан нақты мысалдар келтіріліп, діни сауаттылықты арттырудың маңыздылығы атап өтілді. Шара жастардың діни танымын кеңейтіп, теріс ағымдардан сақтануға бағытталған пайдалы әрі танымдық кездесу болды.


