«Ғалам сенің қолында»
МКҚК «Ақтөбе облыстық планетарийі» 2025 жылдың 9-12 қараша аралығында «Ғалам сенің қолында» оқушылардың ІІІ Республикалық астрономиялық олимпиадасын (бұдан әрі-Олимпиада) өткізеді.
Ақтөбе облыстық планетарийі — Қазақстанда 1967 жылы ашылған тұңғыш стационарлы планетарий. Бұл-ғаламат жұлдызды аспанның кереметтілігін дәріптейтін мәдени-ағарту мекемесі. Планетарий – халық арасында жаратылыстану, ғарыш ғылымдарының жетістіктерін насихаттаушы жетекші орталық.
Олимпиаданы өткізудің негізгі мақсаты оқушылардың астрономия және ғарыштық зерттеулермен байланысты ғылым салаларына деген қызығушылығын арттыру, дарынды балаларды анықтау, астрономиялық үйірмелердің жұмысын жандандыру, халықаралық олимпиадаларға және астротурнирге қатысуға дайындау.
Олимпиадаға қатысуға 13 -16 жастағы оқушылар (республиканың әр өңірінен барлығы 5 адам: 4 оқушы, 1 жетекші) шақырылады.
Олимпиадаға қатысуға өтінімді 2025 жылдың 20 қазанына дейін МКҚК «Ақтөбе облыстық планетарийі» электрондық поштасына aktobeplanet@yandex.kz жіберу қажет. Ресми сайт: www.aqtobe-planetarium.kz (Яндекс). Байланыс телефоны: 8 705 723 4653. Өтінім үлгісі шақыруға қоса тіркеледі.
ОЛИМПИАДАҒА ҚАТЫСУ ҮШІН ӨТІНІМ ҮЛГІСІ
«Ғалам сенің қолында» оқушылардың ІІІ-ші Республикалық олимпиадасына қатысуға
өтінім
- Қатысушының тегі, аты, әкесінің аты.
- Білім беру мекемесі, класы.
- Қатысушының байланыс телефоны.
- Жетекшінің тегі, аты, әкесінің аты.
- Жетекшінің жұмыс орны, лауазымы, бұйрығы.
- Жетекшінің байланыс телефоны, e-mail поштасы.
- Қажет болған жағдайда қатысушыларды ресми шақыруды реттеуге болатын мекеме басшысының тегі, аты, әкесінің аты және лауазымы (толық) көрсетілуі қажет.
Өтінім берілген уақыты.
Өтінімде білім беру мекемесінің, ұйымның қолы мен мөрі болуы тиіс.
