«Көрінбейтін Ғаламды ашу» толықкүмбезді бағдарламасы
Жанры: ғылыми-танымдық
Мыңдаған жылдар бойы адамзат түнгі аспанның жарығын өз көзімен ғана көріп келді. XVII ғасырдың басында Галилео Галилей телескопты ойлап тауып, аспанға бағыттағаннан бастап, Ғалам туралы біздің түсінігіміз түбегейлі өзгерді.
Ал, ХХ ғасырда зымырандардың пайда болуымен Жер атмосферасынан жоғары көтеріліп, ыстық әрі қарқынды Ғаламның белгісі болып табылатын рентген және гамма-сәулелерді бақылау мүмкін болды.
Алайда Ғарыш туралы ақпаратты тек жарық арқылы ғана емес, нейтрино мен ғарыштық сәулелер арқылы да алуға болады. Олар да Әлем туралы маңызды мәлімет береді.
Осы бағдарламада Ғарыштың әртүрлі дереккөздер арқылы ашылған бейнелері көрсетіледі. Әртүрлі ауқымда бейнеленген галактикалар, тұмандықтар мен қара құрдымның әсем көріністері көрермендерге ерекше әсер қалдырады.
Бағдарламаның ұзақтығы, жұлдызды аспанға шолумен бірге — 45минут
