Ғаламның көрінбейтін құпиясын ашу

Жанры: ғылыми-танымдық.

Адамдар мыңдаған жылдар бойы түнгі аспаннан таралатын жарықты тек өз көздерімен бақылап келді.  XVII ғасырдың басында Галилео Галилейдің телескопты ойлап табуы Ғалам туралы білімімізге түбегейлі өзгеріс әкелді.

ХХ ғасырда зымыран техникасының пайда болуымен Жер атмосферасынан жоғары көтеріліп, соның нәтижесінде аса жоғары энергиялы рентгендік және гамма-сәулеленуді бақылау мүмкін болды. Бұл сәулелер —  Ғаламның ыстық және қарқынды астрофизикалық белгілері.

Алайда ғарыш туралы ақпаратты тек жарық қана бермейді. Нейтрино мен ғарыштық сәулелер де аса маңызды  ғылыми деректер көзі.

Бұл фильмде осы түрлі ақпарат көздері арқылы ашылған Ғарыш бейнелері көрсетіледі. Әртүрлі диапазонда ұсынылған галактикалардың, тұмандықтардың және қара құрдымдардың тартымды көрінісі көрерменге ерекше әсер қалдырады.

Scroll to Top