Ғажайып ғаламшар

4–10 жастағы балаларға.

Кейіпкерлер Күн жүйесіне жайлы демалысқа орын іздеп, қызықты саяхатқа аттанады. Олармен бірге сіз ең танымал ергежейлі ғаламшарымыз – Плутонның үстінен ұша аласыз.

Одан кейін мұзды жартасты Миранда серігінің үстіне «сырғанап», Сатурн сақиналарының арасынан ұшып өтіп тағы да басқа ғажайып көріністерді тамашалайсыз.

Бағдарлама балаларды Күн жүйесінің құрылысымен және Жердің тіршілікке қолайлы бірегей ғаламшар екені нқарапайым әрі түсінікті тілмен таныстырады.

 

 

Scroll to Top