Оқушылардың I Республикалық астрономиялық олимпиадасының қорытындысы

Облыстық планетарий 2022 жылдың 24-27 қазан аралығында қазақ халқының ағарту ісінің үздігі Ахмет Байтұрсынұлының туғанына 150 жыл толуына арналған мектеп оқушыларының I Республикалық астрономиялық олимпиадасын өткізді. Өткен 2021 жылы ЮНЕСКО- ның Бас конференциясы Ахмет Байтұрсынұлының туғанына 150 жыл толуын 2022 жылы атап өтілетін халықаралық мерейтойлар тізіміне енгізу туралы қарар қабылдады.
Сондай-ақ, 2022 жыл балаларға арналған және «Балалар жылы» ұранымен өтуде. Қазақстан Республикасының Президенті Қ.Тоқаев өз жолдауында еліміздің болашағы – жастарды білім мен ғылымға баулу екенін атап өтті. Сондықтан астрономиялық олимпиаданың негізгі мақсаты – мектеп оқушыларының астрономия мен ғарышты зерттеуге байланысты ғылым салаларына қызығушылығын арттыру, дарынды балаларды анықтау, астрономиялық үйірмелердің жұмысын жандандыру, сонымен қатар туған елі мен жерінің ғалымдарының, батырлары мен ғарышкерлерінің есімдерін насихаттау.
Олимпиаданы Ақтөбе облыстық планетарийі облыстық мәдениет, архивтер және құжаттама басқармасының қолдауымен және облыстық білім басқармасымен бірлесіп ұйымдастырды.
25 қазан күні сағат 10.00-де Қалалық Оқушылар сарайында I-ші Республикалық астрономиялық олимпиаданың салтанатты ашылуы өтті. Республикалық астрономиялық олимпиадаға еліміздің әр өңірінен 7-9 сынып оқушылары қатысты. Барлығы 9 қаладан: Астана, Ақтөбе, Тараз, Қызылорда, Павлодар, Түркістан, Орал, Қостанай, Атыраудан 60-қа жуық мектеп оқушылары қатысты. Олимпиадаға қатысушылар астрономия мен астрофизика есептерін шығарды.
Балалардың білімін бағалаған олимпиаданың қазылар алқасы кәсіби астрономдар мен университет оқытушыларынан құралған:
Н.Бейсен – әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетінің физика-техникалық факультетінің деканы, физика-математика ғылымдарының кандидаты (Алматы қ.);
В.Ю.Ким – В.Г. Фесенков ат. астрофизика институтының жұлдыздар мен тұмандықтар физикасы зертханасының аға ғылыми қызметкері, физика-математика ғылымдарының кандидаты (Алматы қ);
А.Қ. Тасқалиев – Қ.Жұбанов ат. АӨМУ «Физика» кафедрасының аға оқытушысы. Олимпиаданың қазылар алқасы олимпиада жеңімпаздарын анықтап, жүлделі орындарды анықтады.
27 қазанда Шығармашылық академиясында олимпиаданың жабылу және қатысушыларды марапаттау рәсімі өтті.
Олимпиада жеңімпаздары 1, 2, 3 дәрежелі дипломдармен және сәйкесінше алтын, күміс және қола медальдармен марапатталды. Қатысушылардың жетекшілері де алғыс хаттармен марапатталды.
Павлодарлық мектеп оқушылары екі номинация бойынша марапатталды: «Ең жас қатысушы» және «Ең үздік команда».
Олимпиада бағдарламасында қатысушылар мен жетекшілер үшін Т.Бигелдинов атындағы Әскери институтына, облыстық тарихи-өлкетану мұражайына экскурсия ұйымдастырылып, жерлесіміз, батыр-ғарышкер В.И.Пацаевтың ескерткішіне гүл шоқтары қойылды.

Олимпиада жеңімпаздары:
Духтурбаев Елхан Ерланович 7кл – Павлодар қ. –I орын
Павлов Юрий Витальевич 8кл – Астана қ. – I орын
Барлыбаев Нұрасыл 9кл – Атырау қ. – I орын
Шәріпхан Ерболат 7кл – Павлодар қ. – II орын
Мендигалиева Диляра 8кл – Атырау қ. – II орын
Фролова Виолетта 9кл – Қостанай қ. – II орын
Қармыс Санджар 9кл – Ақтөбе қ. «Физика-математика мектебі» — II
Әуесбек Іңкар 7кл – Жамбыл обл – III орын
Убайдулаев Амир 7кл – Ақтөбе қ. «Үркер» үйірмесі – III орын
Тулпарбеков Ақдил 8кл – Қостанай қ. – III орын
Ким Даниил 8 кл – Павлодар қ. – III орын
Гамран Рауан 8кл – Ақтөбе қ. №9 мектеп-гимназиясы – III орын
Тлектес Саяна 8кл – Қостанай қ. – III орын
Галимжанов Адильжан 8 кл – Ақтөбе қ. № 9 мектеп-гимназиясы –III орын Қаратай Диас 9кл – Павлодар қ. – III орын
Сафин Ильнур 9кл – Ақтөбе қаласы №23 мектеп-гимназиясы III орын
Хохлова Камила 9Кл – Ақтөбе қ. №9 Ақтөбе қ. «Үркер» үйірмесі – III орын

Scroll to Top