31 мамыр — Қазақстандағы саяси қуғын-сүргін құрбандарын еске алу күні

31 мамыр күні  саяси қуғын-сүргін және ашаршылық құрбандарын еске алу күніне арналған «Бас иіп тағзым етеміз, Алаштың арыстары» тарихи-танымдық шарасы өткізілді.

Шараның мақсаты: елін-жерін, халқын сүйген, ұлтының азаттығы мен теңдігі жолында шыбын жанын құрбан еткен, халықтың қамын ойлаған зиялы алаш арыстарын еске алу.

Шара барысында XX ғасырда жаппай қуғындалып, атылған, 1937-1938 жылдардағы сталиндік репрессиясынның құрбандары, халықтың қамын ойлаған зиялы азаматтарды бір минут үнсіздікпен еске ала отырып, тарихқа шолу жасалып, қазақ халқының отаршылдық езгіден құтылып, рухани оянуына үлес қосқан тұлғалар туралы бейнеролик көрсетілді. Шараға №2 ЖББОМГ оқушылары және ұстаздары қатысты. Сонымен қатар, планетарий ұжымы Түйетөбе мекеніндегі 1930-1950 жылдардағы қуғын-сүргін құрбандарының ескерткішіне барып құран бағыштады, гүл шоқтары қойылды.

Scroll to Top