Жұлдызды бөлме

Сірә, адам санасы оянған күннен бастап,

аспан күмбезі өз әдемілігімен, ұлылығымен оны таңқалдырып,

көңілін тұтасымен билеп алған болар.

Камиль Фламмарион

 

Планетарийдің жұлдызды бөлмесі

_______________________________________________________________

Планетарийдің жұлдызды бөлмесінде балаларға арналған дәрістер, танымдық және оқу дәрістері өткізіледі. Барлық дәрістер барысында жұлдызды аспан әлемі мен басқа да табиғаттың тамаша құбылыстары көрсетіледі.

Жұлдызды бөлме сыйымдылығы 50 адам.

Сізге ыңғайлы болу үшін алдын ала ұйымдастырылған топтарға дәріске өтінім беруге немесе жеке дәріске тапсырыс беруге болады. Ұйымдасқан топ жағдайында, егер топ саны кемінде 20 адам болса, бір жетекшіге кіру тегін болады.

Кіру билеттерінің құнын БАҒА бөлімінен қарауға болады.

Scroll to Top