Ғарышкерлік апталықтың салтанатты жабылуы

Бүгін, Халықаралық адамның ғарышқа ұшу күніне және даңқты батырларымыз В.И. Пацаевтың — 55 жыл Т.О. Әубәкіровтің — 35 жыл Т.А.Мұсабаевтың — 25 жыл мерейтойлық ұшуларына арналған «Қазақстандық ғарышкерлердің жұлдызды жолы» ғарышкерлік апталығы жерлесіміз, батыр-ғарышкер В.И. Пацаевтың ескерткішінің жанында мерекелік іс-шарамен қорытындыланды.
Іс-шараның мақсаты — өскелең ұрпақты отансүйгіштікке тәрбиелеп, отандық ғарыш саласының жетістіктерін насихаттау.
Шара барысында Қазақстанның Халық Қаһарманы, ғарышкер Айдын Айымбетовтың арнайы аудио құттықтауы жас ұрпаққа ерекше шабыт сыйлады.
№83 «Келешек» мектебінің «Жас ғарышкерлер» тобы» Байқоңыр әнін орындап, көтеріңкі көңіл-күй сыйлады.
Құрметті қонақтар мен ардагерлер және В.И.Пацаев атындағы жас ұшқыштар мектебінің курсанттары батыр рухына тағзым етіп, гүл шоқтарын қойды.
Шара соңында Қалалық оқушылар сарайының «Менің ғарышым — менің Қазақстаным» көрмесіне қатысқан жас суретшілері марапатталды.
Ғарышқа жол — арманнан басталады.
Көк аспанымыз әрдайым ашық, армандарымыз асқақ болсын!

Scroll to Top