«Ана жүрегі – алғыс шуағы»

5 наурыз күні Облыстық планетарийде Халықаралық әйелдер күніне арналған «Ана жүрегі – алғыс шуағы» мерекелік кеш өткізілді.
Іс-шараның мақсаты – аналар мен әйелдер қауымына құрмет көрсету, олардың қоғамдағы рөлін насихаттау, сондай-ақ ұлттық құндылықтар мен өнерді дәріптеу.
Мерекелік кешке арнайы қонақтар ретінде Ақтөбе облысының Азаматтық орталығының «МИРАС» қоғамдық қозғалысының жетекшісі В. Ахтаев және ардагер әжелері, Ақтөбе облысының мәдениет, архивтер және құжаттама басқармасының өнер және тарихи-мәдени мұраны дамыту бөлімінің бас маманы М. Утекешова, В.И. Пацаев атындағы жас ұшқыштар мектебінің директоры, полковник Б. Кайпанов, Қазақстан Жазушылар одағының мүшесі, ақын, сазгер, аудармашы, тележурналист, ҚР мәдениет және ақпарат министрлігінің «Мәдениет саласының үздігі» Г. Аймаханова қатысты.
Іс-шара барысында әйелдер мерекесінің тарихы туралы қысқаша мәлімет беріліп, экраннан тақырыптық бейнеролик көрсетілді. Сонымен қатар, В.И. Пацаев атындағы жас ұшқыштар мектебінің курсанттары ұжым атынан қонақтарға мерекелік сыйлықтар табыстады.
Кештің мәдени бағдарламасында аясында поэзия минуты ұйымдастырылып, ақын Гүлсамал Төрединқызының «Бүгін – думан» өлеңі ұсынылды. Музыкалық бөлімде А.Жұбанов атындағы Ақтөбе музыкалық колледжінің студенттері Ж. Мұстафа, Қ. Ислам, Б. Әліжан «16 қыз», «Анаңды сүйсең менше сүй» әндерін ерекше ықыласпен орындады.
Сонымен қатар, «Ғарыш және ғылымдағы нәзік жандар» танымдық сұрақ-жауап ұйымдастырылып, ғылым мен ғарыш саласында ерекше жетістіктерге жеткен әйелдер туралы мәліметтер айтылды.
Мерекелік кеш барысында «МИРАС» қоғамдық қозғалысының ардагер әжелері құттықтау сөз сөйлеп, ақ баталарын берді. Сондай-ақ әжелерден құралған «Қарлығаш» тобы «Ауылға барам» әнін еркеше нақышта орындап, кештің көркін қыздырды.

Мерекелік шарада планетарий фойесінде «МИРАС» қоғамдық қозғалысының ардагер әжелерінің қолөнер бұйымдарынан арнайы көрме ұйымдастырылды. Көрмеге ұлттық нақыштағы кесте жұмыстары, тоқыма бұйымдары және түрлі сәндік-қолданбалы өнер туындылары қойылып, келген қонақтардың ерекше қызығушылығын тудырды.
Іс-шара соңында планетарий директоры Қ. Бөлеков құттықтау сөз сөйлеп, қатысушыларға алғыс білдірілді.

Scroll to Top