Күн және Жердің тіршілігі

Жанры: ғылыми-танымдық.

Бағдарламада Күннің негізгі сипаттамалары, оның құрылысы, Күн атмосферасының қабаттары және ядросында жүретін термоядролық синтез реакциялары көрнекі түрде түсіндіріледі.

Күн дақтары, алаулар, протуберанцтар мен  жарқылдардың, сондай-ақ  жұмыс істеп тұрған күн телескоптарының нақты  бейнелері көрсетіледі.

Сонымен бірге Күн  тәжінің  массалық  лақтыруларының  Жердің магнитосферасына, биосферасына және техносферасына әсер етуі  көрсетіледі.

Бағдарламада ресейлік ғалым Александр Леонидович Чижевский негізін қалаған гелиобиология тұжырымдамасы таныстырылады.

Оқулықтарда берілген бірқатар ғылыми қағидалар көрнекі түрде бейнеленіп, материалды түсінуге, меңгеруге және есте сақтауға мүмкіндік береді.

Өндіруші: Ресей, «Ресей планетарийлері қауымдастығы».

Scroll to Top